×

Қырғыз көкпаршыларын 2-3 жылға жарыстардан шететтетін боламыз – бас төреші

Финалында Қазақстан құрамасы тартысты кездесуде Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңген болатын

Қырғыз көкпаршыларын 2-3 жылға жарыстардан шететтетін боламыз – бас төреші
Скриншот

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпар спортындағы жайтқа байланысты бас төреші Тастанбек Есентаев өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

«Көкпардағы ереже бұзылған сәтті 10 мәрте қарадық. Ойынның ішінде қамшымен ұрдық дегенді көрмедік. Бірақ бұл жайт ойыннан тыс уақытта болды. Қырғыздардың басты талабы - біздің ойыншыны қызыл қағазбен шеттету еді. Бірақ біздің ережеде ондай көрсетілмегендіктен, 2 минут алаңнан шығардық. Ары қарай бәсеке таза өтті деп ойлаймын. Екі команда да мықты. Төрешілер тарапынан ешқандай өрескел қателік болмады», – дейді бас төреші.

Әнұранға құрмет көрсетпеген, мойындарына таққан медельді шешіп, мінез көрсетіп кетіп қалған қырғыздарға нақты шара қолданылатынын ашық айтыпты бас төреші.

«Барлығын халық көрді. Дұрыс шешім қабылданды. Наразылық марапаттау сәтінде де жалғасып, қырғыз көкпаршылары мерзімінен бұрын кетіп қалды. Бұл - мәдениетсіздік. Осындай жайттар үшін міндетті түрде шара қолданылады. Қырғыз көкпаршылары 2-3 жылға шеттетіледі немесе ақшалай айыппұл салынады. Нақтысын қазір айта алмаймын», – дейді Тастанбек Есентаев.

Айта кетейік, кеше ең көп 11 мың жанкүйер жиналған көкпар бәсекесінің финалында Қазақстан құрамасы тартысты кездесуде Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →