×

Канадалық легионер 314 млн теңге алады. «Барыс» хоккейшілерінің жалақысы белгілі болды

Ресейлік «Спорт Экспресс» басылымының жазуынша, ең жоғары жалақы канадалық Уилл Бутчер мен Майкл Маклаудқа тиесілі

Канадалық легионер  314 млн теңге алады. «Барыс» хоккейшілерінің жалақысы белгілі болды
Барыс хоккей клубы

Елорданың «Барыс» хоккей клубының жаңа маусымдағы ойыншыларының жалақысы белгілі болды. Ресейлік «Спорт Экспресс» басылымының жазуынша, ең жоғары жалақы канадалық Уилл Бутчер мен Майкл Маклаудқа тиесілі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Канадалық қос ойыншы «Барыстың» қалтасын қағатын ең қымбат хоккейшілер. Оларға  60 миллион рубль, біздің ақшамен 314, 9 миллион теңге жалақы төленеді.   
Дамир Жафяров пен Антон Бурдасов  50 және 40 миллион рубль (262,4 және 209,9 млн теңге) алады.
Легионерлерді есепке алмағанда, қазақстандықтардан ең жоғары Кирилл Савицкийге тиесілі. Ол  125,9 миллион теңгені санап алып отыр. Одан кейін 110,2 миллион теңге жалақымен Роман Старченко тұр. Ал үздік үштікті Кирилл Панюков аяқтады. Оның жалақысы 104,9 миллион теңге.
Ең жалақысы төмен – Батырлан Мұратов. Ол  6 миллион рубль (31,4 млн теңге) алады. 
Еске салсақ, бұл сомаға хоккейшілерге берілетін бонустар кірмейді, бұл спортшыларға негізгі жалақысы ретінде беріледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →