×

«Айлық ала алмай отырмыз»: «Ақжайық» футбол клубының басшысы мен футболшылары Президентке үндеу жолдады

«Ақжайық» футбол клубы – мемлекеттік тапсырысты орындайтын жалғыз мекеме

«Айлық ала алмай отырмыз»: «Ақжайық» футбол клубының басшысы мен футболшылары Президентке үндеу жолдады
Фото: ашық дереккөзден

«Ақжайық» футбол клубының президенті Гүлдария Бекенқызы және клуб қызметкерлері, футболшылар Мемлекет басшысына үндеу жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ақжайық» футбол клубы Батыс Қазақстанда орналасқан жалғыз ғана кәсіби клуб. Қазіргі таңда негізгі құрамның ойыншылары, сонымен қатар көптеген жастар және жасөспірім футболшылар бар. Бүгінде қаржылық қиындыққа тап болған клубтың мәселесін облыс көлемінде облыс басшысы Нариман Төреғалиевтің, спорт басқармасының қабылдауында болсақ та, қаржылық мәселеге шешілмеуіне байланысты «Ақжайықтың» ертеңгі тағдыры бізді алаңдатып отыр. Бұл деген Ақжайық қызметкерлері 9 ай көлемінде өз жалақысын ала алмай, жұмысымызға үлкен кедергі болды», - дейді ол.

«Ақжайық» футбол клубы – мемлекеттік тапсырысты орындайтын жалғыз мекеме. Мемлекеттік сатып алу мәселесі әлі шешілмеген. Сол себепті клуб басшысы ата-аналардың, футболшылардың, қызметкерлердің атынан үндеу жолдады. 

Клуб басшысының үндеуіне футболшылар да қосылды. Олардың айтуынша, қаңтар айынан бері айлық ала алмай, бәрі қиын жағдайға тап болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті
04.05.2026ж. 19:54

Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті

Клуб мүшелерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтап, марапаттар тапсырды
Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →