×

«Ең чемпиондық той»: Нариман Құрбанов Алматыда үйлену тойын өткізді

Нариман Құрбановтың жұбайы да гимнаст

«Ең чемпиондық той»: Нариман Құрбанов Алматыда үйлену тойын өткізді
Фото: instagram.com/kazgymfederation

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов үйлену тойын өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Блогер Иван Червинскийдің жазуынша, Нариман Құрбановтың үйлену тойы Алматыда өткен. Тойға Олимпиада, әлем, Азия чемпиондары мен жүлдегерлері де қатысқан.

«Бұл мен бұрын-соңды барған ең чемпиондық той болды», - деп жазды Червинский.

Айта кетейік, Нариман Құрбановтың жұбайы Аида Бауыржанова да гимнаст. Ол Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы, Азия біріншіліктерінің жүлдегері. Аида Бауыржанова 8 қыркүйекте ұзатылған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP-500 турнирінде өнер көрсетіп жатыр
Бүгін Президент Астанадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде жас спортшылармен кездескен
Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені инвесторлар қаржысына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →