Басталуы – Астана уақытымен сағат 23:45-те
Бүгін Қазақстан мен Австрия футбол құрамалары Ұлттар Лигасы аясында кездеседі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Матч бүгін Линц қаласының «Райффайзен Арена» стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 23:45-те.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазан айында өтетін Аустрия және Словения құрамаларына қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімін жариялады.
Нақты тізімге 28 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Роман Асранкулов («Тобыл»), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Аслан Дарабаев («Елімай»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Ислам Чесноков («Тобыл»), Андрей Ульшин («Қайрат»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Жан-Әли Пайруз («Елімай»), Артур Шушеначев («Сочи», Ресей).
Үш күннен кейін біздің команда Словенияны қабылдайды. Ойын Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-ге жоспарланған.