×

Теннис аңызы Рафаэль Надаль карьерасын аяқтайды

Надаль – теннис тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі

Теннис аңызы Рафаэль Надаль карьерасын аяқтайды
Фото: Matthew Stockman / Getty Images

Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль спорттық карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Спортшы 2024 жылы қарашада өтетін Дэвис кубогынан соң тенниспен қош айтыспақ.

Үлкен дулығаның 22 дүркін чемпионы Надаль бұған дейін де карьерасын аяқтауына қатысты пікір білдірген. Ол «Ролан Гаррос» алдында бұл турнир өзінің карьерасындағы соңғысы болуы мүмкін екенін де алға тартқан.

Надаль – теннис тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі. 38 жастағы испаниялық 209 апта бойы әлемнің бірінші ракеткасы болды, «Ролан Гарросты» 14 рет жеңген. Одан қалды екі рет Олимпиада ойындарында топ жарды. Теннисші карьерасында жекелей сында 92 титул ұтып алған, соның ішінде 36-сы «Мастерс» сериясына тиесілі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті
04.05.2026ж. 19:54

Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті

Клуб мүшелерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтап, марапаттар тапсырды
Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →