×

Көптен күткен жекпе-жек. Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Отандасымыз Шавкат Рахмонов MMA-да 18 жекпе-жек өткізіп, бәрін уақытынан бұрын жеңген

Көптен күткен жекпе-жек. Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Фото: © Mike Roach / Contributor / UFC / Gettyimages.ru

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) желтоқсан айында чемпиондық жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт мәлімдеме жасады. Отандасымыз жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхамадпен (24-3) кездеседі.
Жекпе-жек 8 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 310 турнирінде өтеді.


«7 желтоқсанда (Қазақстан уақытымен 8 желтоқсан) Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында UFC чемпионы Белал Мұхаммад пен Шавкат Рахмонов  кездеседі. Белал алты жылдан бері 11 жекпе-жек бойы жеңіс сериясын жалғастырып келеді. Ол өзінің титулын бірінші рет қорғауға кіріседі. Күрестегі элиталық қабілетіне сенеді. Шавкат мүлдем жеңілмеген. 18 жекпе-жектен 18-ін өз пайдасына шешкен. оның жартысын бірінші раундта аяқтаған. Шавкаттың да қорғанысы мығым. Бұл екі стильдің керемет тартысы болмақ. Белал өз позициясын нығайта ала ма, әлде Қазақстанда тұңғыш рет UFC чемпионы шыға ма?» - деді Уайт.

Еске салсақ, Белал Мұхаммад 2023 жылдың шілдесінде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды.

Отандасымыз Шавкат Рахмонов MMA-да 18 жекпе-жек өткізіп, бәрін уақытынан бұрын жеңген. Ол соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясындағы (IJF) өкілдігі кеңейді
Бүгін, 16:49

Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясындағы (IJF) өкілдігі кеңейді

Қазақстандықтар Халықаралық дзюдо федерациясында жетекші қызметтерге тағайындалды
Комиссия ынтымақтастықты нығайтуға, инновацияларды дамытуға және дзюдоны әлеуметтік даму үшін жаһандық құрал ретінде ілгерілетуге ықпал ететін болады.
Спортшы өз жолында қолдау білдірген жандарға ерекше алғыс айтты.
Бүгін ширек финал мен жартылай финал кездесулері өтеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →