×

Назым Қызайбай әйелдер құрамасының капитаны атанды

Қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындық үстінде

Назым Қызайбай әйелдер құрамасының капитаны атанды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында, бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өтіп, жаңа құраманың капитанын сайлады. 

- Спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды, - делінген хабарламада. 

Айта кетерлік жәйт, қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындық үстінде. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында жеке-дара көш бастады
Бүгін, 15:59

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында жеке-дара көш бастады

Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншіледі
Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегі зор
Еліміздің 16 қаласында 1500-ден астам спорт нысанын біріктірген ірі фитнес-агрегаторлардың бірі 1Fit платформасы 2026 жылға арналған өнім трансформациясын жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →