Бұл Асу Алмабаевтың UFC-дегі төртінші жеңісі саналады
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (20-2) Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 245 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол бразилиялық файтер Матеус Николаумен (19-4-1) кездесті. Жекпе-жек үш раундтқа есептелген болатын. Төрешілердің бірауыздан шешімімен Асу жеңімпаз деп танылды.
Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби мансабындағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Матеус Николау бесінші рет жеңіліс тапты.
Матеус Николау UFC-дің аса жеңіл салмақтағы рейтингінде 7-орында тұрған еді, ал Асу Алмабаев бұл тізімде 14-орынға жайғасқан.
Айта кетейік, бұл Асу Алмабаевтың UFC-дегі төртінші жеңісі саналады.