×

Қазақ боксшыларын дайындауға Геннадий Головкин Америкадағы бапкерін алып келді

Маман Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына көмектесіп, боксшыларды құрлықтық біріншілікке дайындайды

Қазақ боксшыларын дайындауға Геннадий Головкин Америкадағы бапкерін алып келді
ҚР ҰОК

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, даңқты боксшы Геннадий Головкин Қазақстан боксшыларын Азия чемпионатына дайындау үшін өзінің бапкерін шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бокстан ерлер арасындағы Қазақстан командасы Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатына дайындықты бастады. Біріншілік 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өтеді.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, дайындық процесінің бастапқы кезеңі Алматыдағы оқу-дайындық жиынынан басталды. Бұл жиын жалпы физикалық дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

Оқу-жаттығу жиынына Ұлттық Олимпиадалық комитет президенті Геннадий Головкиннің шақыртуымен физикалық дайындықтан америкалық бапкер Кристофер Камачо тартылған.

Маман Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына көмектесіп, боксшыларды құрлықтық біріншілікке дайындайды.

Айта кету керек, Кристофер Камачо көптеген жыл бойы кәсіби рингтегі түрлі жекпе-жегі алдында Геннадий Головкиннің жаттығу лагерьлеріне қатысқан. Сонымен бірге ол танымал ММА спортшылары Хабиб Нурмагомедов, Дэниал Кормье, Кейн Веласкес, Люк Рокхолдпен жұмыс істеген.

Бұған дейін  бокстан Қазақстан командасының бапкерлік құрамы Будвадағы (Черногория) жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын құраманы жариялаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сәтсіз ойыннан кейін Арман Оспанов «Ақтөбе» ФК-дағы төраға қызметінен босатылды
22.04.2026ж. 16:12

Сәтсіз ойыннан кейін Арман Оспанов «Ақтөбе» ФК-дағы төраға қызметінен босатылды

Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды
Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →