×

Қазақ тіліне қарсы дауыс берген: Абай және Шығыс Қазақстан облысы футбол федерацияларының өкілдері сынға қалды

Қазақ тіліндегі қатесіз нұсқаны таңдау кезінде 23 мүше қолдап, 2 мүше қарсы дауыс берген

Қазақ тіліне қарсы дауыс берген: Абай және Шығыс Қазақстан облысы футбол федерацияларының өкілдері сынға қалды
Сурет: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы атауын қазақ тілінде дұрыс етіп өзгерту туралы бастамасына Абай және Шығыс Қазақстан облысы футбол федерацияларының  өкілдері қарсы шыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы танымал спорт комментаторы Ермұхаммед Мәулен телеграм арнасында сынап жазба қалдырды.

“Осы кезге дейін қате жазылып келген ҚазақстанНЫҢ футбол федерациясы атауын комиссия мүшелері Қазақстан футбол федерациясы деп ауыстыруды ұсынды. Себебі, бұрынғы атау орыс тілінен аударылған еді. Орысша Казахстанская федерация футбола болып жазылып кеткен. Қазақ тіліндегі қатесіз нұсқаны таңдау кезінде 23 мүше қолдау білдірді. Солардың ішінде Абай облысы футбол федерациясы президенті, Ресей Федерациясының азаматы Виталий Каганның кеңесшісі Денис Сек пен Шығыс Қазақстан облысы федерациясының өкілі Сергей Дурницкий қарсы дауыс берді. Бұл екеуіне қазақ тілі қатты бір ұнай қоймайтын секілді”, – деп жазды Ермұхаммед Мәулен телеграм арнасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Виктория Графеева Азия чемпионатындағы алдыңғы екі жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған еді
Ол елдегі спорт саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталған
Жарыс Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →