×

Қазақстан мен Өзбекстан неше алтын алды?! Бокстан Черногорияда өткен жастар арасындағы ӘЧ

Біздің боксшылар  дүбірлі додада барлығы 17 жүлдеге ие болды

Қазақстан мен Өзбекстан неше алтын алды?! Бокстан Черногорияда өткен жастар арасындағы ӘЧ
Сурет: Қазақстан бокс федерациясы

Черногорияның Будва қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Біздің боксшылар  дүбірлі додада барлығы 17 жүлдеге ие болды.  Оның 6- алтын, 1-күміс, 10- қола. Алты алтын медаль еншілеген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп отыр.

  • Ерлер құрамасынан Бексұлтан Боранбек (51 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг) және Санжарәлі Бегалиев әлем чемпионы атанды.
  • Ал, қыздар құрамасынан Елянур Турганова (50 кг) мен Аружан Зейноллаева (81 кг) бірінші орын иеленді.
  • Сонымен қатар, Ұлдана Таубай (66 келі) жарыстың күміс жүлдегері атанып отыр.
  • Бұдан бөлек, Қазақстанның қоржынында 10 қола медаль бар: Диас Берікбай (48 кг), Жансери Көшербаев (57 кг), Расул Асанханов (92 кг), Аслан Елдібайұлы (92+ кг), Анель Абдрасилова (48 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жаңабаева (63 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг), Панар Сейтханқызы (81 + кг).

5 алтын медаль алған Өзбекстан құрамасы екінші орын алса, тура осынша алтын медаль жеңіп алған ресейлік команда үшінші орынға табан тіреді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Виктория Графеева Азия чемпионатындағы алдыңғы екі жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған еді
Ол елдегі спорт саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталған
Жарыс Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →