×

Төрехан Сабырхан жастар арасындағы әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанды

Бокстан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

Төрехан Сабырхан жастар арасындағы әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанды
Фото: ҚБФ

Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы Төрехан Сабырхан Черногорияның Будвада қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы ғана атанып қоймай, әлем біріншілігінің ең үздік боксшысы атанды. Төрехан Сабырхан финалға дейін қарсыластарына еш мүмкіндік бермей ұтты. 67 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз алғашқы екі кездесуін айқын ұтып, ширек финалда да өзбекстандық былғары қолғап шеберін айқын ұтса, жартылай финалда қытайлық боксшыны 5:0 есебімен тізе бүктірді. Ал финалда кубалық Дэвид Мануэль Эспиноса Сантоядан басым түсті.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды
Кеше, 17:24

Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды

Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →