×

«Жүйені тоқтату керек»: дәрігерлер МӘМС кесірінен медицина күйрегенін айтты

Саладағы білікті мамандар шетелге кетіп жатыр

«Жүйені тоқтату керек»: дәрігерлер МӘМС кесірінен медицина күйрегенін айтты
Фото: Фейсбук желісінен

МӘМС кесірінен медицина күйреп, дәрігерлердің жалақысы азайып, мықты мамандар шетелге кетіп жатқанын айтып, дәрігер, медицина саласының сарапшысы Ғабит Нұрханұлы «Atameken business» каналында пікір білдіріп, дабыл қақты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дәрігердің сөзінше, бұл жүйеге не халықтың, не медициналық қызметкерлердің көңілі толмайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі тоғыз жыл бойы медицинаға ештеңе бермеген. Жұрт ақша аудармаған кезде толық ала алмаған медициналық көмекті ақша аударса да ала алмай келе жатыр.

«Жыры бітпеген МӘМС 2016 да құрылып, 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. 9 жыл бойы медицинаға берген түгі де жоқ. Ешқандай өзгеріс болмады, реформа болмады. 2020 жылдан бері адамдар сақтандыру қорына ақша аударып келеді, сонда да өзгерген ештеңе жоқ. Адамдар ақша аудармаған кезде толық ала алмаған медициналық көмекті ақша аударса да ала алмай келе жатыр. Қарапайым сұрақ: не үшін қорға ақша төленіп жатыр? Жарайды, адамдардан ақша түскен соң мемлекеттен алатын сумма азайған шығар дейсің. Еговтың мәліметінше, 2019 жылы 1 триллион ақша бөлінсе, 2024 жылы 2.8 триллион ақша бөлінген, ал нәтиже нөл. Медициналық қызметкерлердің премия, дифференциалдық төлем дегендердің барлығын қысқартып жатыр, енді еңбек демалыс күндеріне дейін қысқарту жетіп қалды», - дейді маман.

Ғабит Нұрханұлының айтуынша, медицинаның жағдайы күннен-күнге нашарлауда. Халық МӘМС-ті не үшін төлеп жатқанын да түсінбейді.

«Бұл жүйені тоқтатып немесе басынан қайта дұрыстап құру керек. Бұл жүйенің ешқандай жоспары жоқ. Енді 2026 жылға қалдырып жатыр. 2026 жылы да ештеңе өзгермейді. Ақша келіп жатыр, кетіп жатыр, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Бұрынғы кезектер сол қалпында қалды. Дәрігерлер сол бойы отыр. Халық ақшасын не үшін төлеп жатқанын түсінбейді. Оған ешкім жауап та бермейді», - дейді Нұрханұлы.

Сондай-ақ ол емханаларда тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектердің тек тізімі бар, бірақ берілетін дәрінің жартысы да жоқ екенін айтты.

«Барлық ауруханаларға емдеу тарифтерін бірдей етіп енгізіп қойды. Нәтижесінде Ұлттық ғылыми орталықтар ақшаның артынан қуып арзан, аз төленетін аурулармен айналысуды қойып, тек қымбат жақсы төленетін ауруларды емдейді. Қордан бар білетін жаңалықтар төрт жылда үш басшылық ауысып, ешқайсысы кеткен шығын үшін жауап бермеді. Қашан жұмысы реттеледі екен..», - дейді ол.

Ал дәрігер Қанат Тастанов осы себептен Қазақстаннан білікті мамандар шетелге кетіп жатқанын айтады.

«Осы себептерден Қазақстаннан өте білікті мамандар кетіп жатыр деп ойлаймын. Менің Алматы қаласында жұмыс істеген кездегі әріптестеріміз бар. Олар да кетіп қалды. Бірі Германияға, енді бірі Америкаға кетті. Неге сол мамандарға елімізде жағдай жасамасқа?», - дейді дәрігер Қанат Тастанов

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Аймағамбетов екі бірдей сүйінші жаңалықты бөлісті
19.02.2025ж. 15:20

Аймағамбетов екі бірдей сүйінші жаңалықты бөлісті

2025 жылдан бастап 3,5 миллион адам тегін скринингтен өте алады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →