×

Павлодар тұрғынының іш қуысынан 19 литр сұйықтығы бар өсінді кесіп алынды

 Күрделі ота 2,5 сағатқа созылған

Павлодар тұрғынының іш қуысынан 19 литр сұйықтығы бар өсінді кесіп алынды
Сурет: Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы

Павлодар тұрғынының іш қуысынан 19 литр сұйықтығы бар өсінді киста кесіп алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы  Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

“ Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында гинеколог дәрігерлер ішінде 19 литр сұйықтық жиналған кистаны сәтті алып тастады. 55 жастағы пациент іш қуысы мен жамбастағы көлемді ісікке байланысты жоспарлы ота жасау үшін ауруханаға жіберілген. Ота 2,5 сағатқа созылып, оның барысында 19 литр сұйықтық алынды. Қазір әйел өзін жақсы сезінеді. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтуде, пациенттің жағдайы қалыпты. Ол ауруханада тағы бір апта болады деп күтіліп отыр. Бақылау, талдаулардан кейін дәрігерлер оны шығару туралы шешім қабылдай алады”, –  делінген хабарламада.

Аурухананың медициналық ұжымы бұл ота мекемедегі жоғары білікті мамандар мен қолданыстағы заманауи жабдықтардың арқасында мүмкін болғанын ерекше атап көрсеткен.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы өтті
13.06.2025ж. 15:20

Түркістанда Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы өтті

Құрылтайға Түркияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Түрікменстанның, Ресейдің, Беларусьтың, Германияның, Италияның, Португалияның және Австралияның жүзден астам көрнекті мамандары қатысуда
Оған Нұрлыбаев сұрақты түсінбей, басқаша жауап берді
Қазіргі таңда 200-ден астам отандық өндірушінің  34-і  мемлекеттік қолдауға ие болған
Бұл инфкекция – әлем бойынша балалар өлімінің негізгі себептерінің бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →