×

Семейде «дәрігерлер күйдірді» деген нәресте жайлы тың дерек шықты

32 жастағы Камаль Оразғалиева 2 қаңтарда шекесі торсықтай ұл босанған

Семейде «дәрігерлер күйдірді» деген нәресте жайлы тың дерек шықты
Фото: istockphoto

Семейде төртінші баласын босанған келіншек шындық іздеп шырылдап жүр. Себебі айы-күні жетіп, аман-есен босанған нәрестесін дәрігерлер оңдырмай күйдіріп тастаған. Алғашында дәрігерлер баланың жылытуға арналған төсенішке күйіп қалғанын мойындаған көрінеді. Енді «бұл тұқым қуалайтын дерт болуы мүмкін» деп ақталып әлек,  деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі  КТК арнасына сілтеме жасап.

32 жастағы Камаль Оразғалиева 2 қаңтарда шекесі торсықтай ұл босанған. Өмірге әкелген төртінші баласының салмағы 4 келі 150 грамм. «Аман-есен өмірге әкелген нәрестемді дәрігерлер күйдіріп тастады», - дейді. Қазір кішкентай Әлидің денесінің сау тамтығы қалмаған. Жамбасы мен иығы, арқасының терісі күйіктен үлбіреп жатыр.

Бала сау болып туды. Ешқандай ауруы, ештеңесі болған жоқ. Тоғыз ай жүрді. Әйелім ауырған жоқ. Бүкіл анықтамасы бар. Балам 4 келі 150 грамм, бойы 58 см. Аман-сау туылған бала, - дейді баланың әкесі Амангелді Жұмашев.

Әділдік іздеп шырылдаған ата-ананың айтуынша, дәрігерлер мұны тәулік бойы жасырып, тіс жармаған. Ал екінші күні анасына шақалақтың жылытуға арналған төсенішке күйіп қалғанын мойындаған көрінеді. Бір-ақ дүйім жұртты дүрліктірмеуді өтінген.

Олардың айтуынша, бала жылытуға арналған төсенішке күйіп қалған. Мен бірден төменгі қабатқа түсіп, қарадым. Артынша олар жараны жарып, хирург шақырды. Сондай-ақ менен айқай-шу шығармауымды сұрады. Осы күнге дейін күйікпен емдеп келген болатын. Енді «тұқымынан берілуі мүмкін, күйік емес» деп отыр, - дейді сәбидің анасы Камаль Оразғалиева.

Дәрігерлер алғашында абдырап қалып, сұхбат беруден шетінен жалтара бастады. Кейін «сәбиді күйдірмедік, бұл тұқым қуалайтын дерт болуы мүмкін» деп ақталуға көшті. Бірақ оның қандай сырқат екенін анықтауға шамасы жетпей отыр. Сондықтан олар шақалақты дереу Астанаға аттандырамыз дейді.

 Басында біз күйік деп есептедік. Оны жоққа шығармаймыз. Ол диагнозбен Астанадағы дәрігерлерге бәрін айттық. Оны жоққа шығарып отырған ешкім жоқ. Қазір бұл белгілер күйікке ұқсамай жатыр. Қалыпты жағдайда күйік алты тәулікте жиналып, өзіңіз қолыңызды күйдірсеңіз де, ол жақсарады, - деп түсіндірді Абай облысының бас неонатолог дәрігері Шынар Астаева.

Алайда зар қаққан ата-ана дәргерлердің сылдыр сөзіне сенбейді. Ал нәрестенің тұқым қулайтын дертке шалдығуы мүмкін деген уәжіне сенбей отыр. Олардың пайымынша, нәресте салғырттықтан күйіп қалған. Қазір олар әділдік іздеп полиция қызметкерлеріне арыз жазды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

USAID – бұл АҚШ-тың өзге елдерге қолдау көрсететін Халықаралық даму агенттігі
Өңірде 5 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдыққан
2025 жылдан бастап 3,5 миллион адам тегін скринингтен өте алады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →