×

Жаз мезгілінде өршитін инфекция: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Бұл инфкекция – әлем бойынша балалар өлімінің негізгі себептерінің бірі

Жаз мезгілінде өршитін инфекция: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады
Сурет: fr.sott.net

Табиғат аясындағы серуендер, көшедегі тағамдар, таза жуылмаған өнімдер – барлығы жедел ішек инфекциясының таралуына себеп болады. Бұл – жай ғана іш өту емес, әлем бойынша балалар өлімінің негізгі себептерінің бірі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі маусымдық ескерту жасап, инфекцияның қауіптілігін айтып мәлімдеп отыр

“Ішек инфекциясын тудыратын микроағзалардың арасында вирустар да, қауіпті бактериялар да бар. Олардың салдары ауыр, кейде қайтымсыз болуы мүмкін. Ал диарея кішкентай балалар үшін аса қауіпті. Баланың денесі әлсіреп, көзі шүңірейіп, тамақ пен суды қабылдамай, қайта-қайта құсса, ұйқышылданып, мазасызданса – бұл ауыр сусызданудың белгісі. Мұндай жағдайда еш күтпей, дереу дәрігерге жүгіну керек”, – дейді дәрігер,профессор Динагүл Баешева. 

Жазғы күндердің бейқам өтетініне сенімді болғыңыз келсе, кез келген іш өтуге салғырт қарамаңыз. Алдын алу – ең тиімді қорғаныс екенін ұмытпаңыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ринат Зайыт алғаш рет Мәжілісте орысша сауал жолдады
04.06.2025ж. 15:32

Ринат Зайыт алғаш рет Мәжілісте орысша сауал жолдады

Оған Нұрлыбаев сұрақты түсінбей, басқаша жауап берді
Қазіргі таңда 200-ден астам отандық өндірушінің  34-і  мемлекеттік қолдауға ие болған
Екі баланы жалғыз асырап отырған ол жұмысқа жарамсыз болып қалған
Әлем бойынша 400 миллионнан астам адам ӨСОА-мен ауырып, жыл сайын 3 миллион адам көз жұмады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →