×

Түркістанда Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы өтті

Құрылтайға Түркияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Түрікменстанның, Ресейдің, Беларусьтың, Германияның, Италияның, Португалияның және Австралияның жүзден астам көрнекті мамандары қатысуда

Түркістанда Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы өтті

Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы жүзден астам жетекші кардиологиялық мектептер мен ғылыми орталықтардың өкілдерін біріктірді, деп хабарлайды Qaz365.kz

12 және 13 маусымда Түркістанда халықаралық қатысумен Орталық Азия кардиологиясы саласындағы ең ірі ғылыми оқиғалардың бірі - Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы және Қазақстан кардиологтарының XVII Конгресі өтуде.

Ұйымдастырушылары: С. Асфендияров ат. ҚазҰМУ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ , ҚР Кардиологтар қауымдастығы, Қазақстан жүрек қызметінің жеткіліксіздігі және атеросклероз мамандарының қоғамдары, Түркістан облысының әкімдігі. Іс-шараның мақсаты: жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау, емдеу, алдын алу бойынша қазақстандық және шетелдік кардиология мамандарын біріктіру, оқыту, өзара әрекеттесу, тәжірибе алмасу, кардиология саласындағы инновацияларды жариялау.

 Бұл бірегей оқиға Қазақстанның, Түркияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Түрікменстанның, Ресейдің, Беларусьтың, Германияның, Италияның, Португалияның және Австралияның жүзден астам көрнекті мамандарын - жетекші кардиологиялық мектептер мен ғылыми орталықтардың өкілдерін біріктірді. Форум бағдарламасы артериялық гипертензиядан бастап кардиогенетикадағы және жасанды интеллектті қолданудағы жаңа тәсілдерге дейінгі өзекті тақырыптардың кең ауқымын қамтыды.

Құрылтай делегаттары мен қонақтарына құттықтау сөзінде Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов:

«Біздің өңірлеріміз үшін маңызды мәселелерге және түркі мемлекеттерінің кардиологиялық бағыттағы мамандары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. Өйткені, жүрек-қан тамырлары аурулары біздің елдеріміздегі жалпы өлім -жітім мен сырқаттанушылықтың негізгі себебі болып отыр және біздің бірлескен міндетіміз - осы сынақпен күресудің тиімді жолдарын табу»,- деді.

 Біздің институттың ғалымдары мен практикалық дәрігерлері белсенді түрде Конгресс жұмысына қатысуда. КІАҒЗИ Қазақстанның кардиологиялық, кардиохирургиялық және терапиялық қызметтерінің флагманы болып қалуда, онда еліміздің барлық өңірлерінен келетін жүрек және басқа да ішкі органдардың ауыр және диагностикалауда күрделі аурулары бар пациенттерге ең заманауи медициналық көмектің барлық түрлері жүзеге асырылуда. Тәжірибе алмасу, ғылыми диалог және достық байланыстар біздің пациенттеріміздің денсаулығын жақсартуға ықпал ететініне сенімдімін, - деп атап өтті Марат Орынбасарұлы.

Қазақстан кардиологтары қауымдастығының президенті Сәлім Беркінбаев:

«Мұндай кездесулер озық ғылыми деректер мен клиникалық тәжірибемен алмасу, жүрек-қан тамырлары ауруларымен күресте одан әрі ілгерілеу үшін негіз бола алатын жаңа кәсіби байланыстар, бірлескен жобалар мен бастамалар орнату үшін мүмкіндіктер беретініне  сенімдіміз», - деді.

Екі күн ішінде құрылтай отырыстары, атеросклероз және дислипопротеинемия, жүрек қызметі жеткіліксіздігі, аритмия, жедел коронарлық синдром және миокардтың құрылымдық ауруларын эндоваскулярлық емдеу, кардиоонкология, балалар кардиологиясы және ЭХОКГ бойынша сессиялар өтуде. Жас ғалымдардың дәстүрлі байқауы, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындары мен орталықтардың резидент - кардиологтары арасында байқауы өтті.

Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы және Қазақстан кардиологтарының XVII Конгресі инновацияларды енгізу, пәнаралық және халықаралық әріптестікті нығайту үшін қуатты серпін болмақ.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов кардиология және кардиохирургия саласындағы қызметі үшін Қазақстан кардиологтар қауымдастығының «Ақ жүрек» сыйлығына ие болды.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ринат Зайыт алғаш рет Мәжілісте орысша сауал жолдады
04.06.2025ж. 15:32

Ринат Зайыт алғаш рет Мәжілісте орысша сауал жолдады

Оған Нұрлыбаев сұрақты түсінбей, басқаша жауап берді
Қазіргі таңда 200-ден астам отандық өндірушінің  34-і  мемлекеттік қолдауға ие болған
Бұл инфкекция – әлем бойынша балалар өлімінің негізгі себептерінің бірі
Екі баланы жалғыз асырап отырған ол жұмысқа жарамсыз болып қалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →