×

93 блогерге ескерту қателікпен жіберілген: Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеме жасады

Бұған дейін салық органдары 600-ге жуық блогер табысын өтірік көрсеткені айтылған

93 блогерге ескерту қателікпен жіберілген: Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеме жасады
Qaz365.kz коллажы

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері блогерлерге жіберілген хабарламалардың кері қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 19 ақпанда 53,3 млрд. теңгеге 594 блогер бойынша бұрын жіберілген 1 014 хабарламадан жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 93 блогерге жіберілген 169 хабарламаны кері қайтарып алу жүргізілгені туралы хабарлады.    

Хабарламалардың күшін жоюдың себебі оларды жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақаулардың пайда болуынан. Қазіргі уақытта жойылған техникалық қателерді ескере отырып, кері қайтарылған хабарламаларды қайта қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді.

Бұған дейін салық органдары 600-ге жуық блогер табысын өтірік көрсеткенін айтқан болатын.

Комитет түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді зерттеп, салық декларацияларының мәліметтерімен салыстырған. Соның қорытындысы бойынша 594 тұлғаға 53,3 млрд теңге бойынша табысқа сәйкессіздік анықталған. Соның нәтижесінде ағымдағы жылдың 13-14 ақпан аралығында «кірістерді төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілген.

«Хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігін тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсыну қажет. Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды», – делінген комитет хабарламасында.

Сонымен қатар салықшылар табыс алу кезінде салықтарды төлеу қажеттілігіне, оның ішінде әртүрлі интернет-ресурстарында онлайн-жарнамаларды жариялауға (ақпараттық өнімдерді жылжыту немесе сату, әртүрлі оқыту курстарын сату, ұтыс ойындарын өткізу және т.б.) назар аударады. Көрсетілген міндеттемелер Конституция мен Салық кодексінде белгіленгенін ескертеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚазҰПУ-дағы заңсыздық: 16 мың студенттің дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндігі болмаған
20.02.2025ж. 12:04

ҚазҰПУ-дағы заңсыздық: 16 мың студенттің дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндігі болмаған

5 жыл бойы оқу ордасының спорттық алаңы коммерциялық мақсатта пайдаланылып келген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →