×

Полиция журналист Мөлдір Нұрманның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады

Полиция бұдан өзге ақпараттты қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жарияға жатпайтынын жеткізді

Полиция журналист Мөлдір Нұрманның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады

Шымкент қалалық полиция департаменті Qaz365.kz тілшісіне журналист Мөлдір Нұрманның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азаматша Н. полицияда болды. Оның қатысуымен тергеу амалдары жүргізілген соң ол үйіне жіберілді. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу аясында сот-психологиялық-филологиялық сараптама тағайындалды, - деп хабарлады полиция.

Полиция бұдан өзге ақпараттты қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жарияға жатпайтынын жеткізді.

Жақында ғана Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы болған журналист Мөлдір Нұрманды полиция ұстағанын хабарлаған едік. Оның үйіне тінту жүргізілген. Бұл туралы редакцияға сенімді ақпарат көздерінен мәлім болды.

Осыдан екі күн бұрын Мөлдір Нұрман әлеуметтік желіде тікелей эфирде сөз сөйлеп, елдегі әлеуметтік мәселелерді көтергені белгілі болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Маңғыстау облысының прокуратурасы Ақтауда екі мүмкіндігі шектеулі адамды пайдалану ісі бойынша үкім шыққанын хабарлады.
Экс-әкімнің ісінде мемлекетке 2 млрд теңгеге жуық шығын келтірілгені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →