×

Трамадолды заңсыз сақтаған үш адам қамауға алынды

Оларға 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

Трамадолды заңсыз сақтаған үш адам қамауға алынды
Сурет: azh.kz

Жыл басынан бері «Трамадолды» заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамауға алынды. Олардан 2,5 мыңнан астам таблетка тәркіленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

???? «Медицинада қолданылатын психотроптық заттар мен есірткілерді рецептісіз сату Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен қаралып, есірткіні заңсыз өткізу болып саналатынын ескертеміз. Бұл үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», –  деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Айбек Брыков.

Еске сала кетейік, 2023 жылы «Трамадол» психотроптық заты есірткі заттарының тізіміне енгізілген. Ол дәрігердің рецепті бойынша тиісті лицензиясы бар дәріханаларда ғана сатылады. ҚР ІІМ «Трамадолды» заңсыз сатуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын тағы да ескертіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Көкемізге тиіспе": Базарбек өзіне жан-жақтан қоңырау түсіп жатқанын айтты
Бүгін, 17:44

"Көкемізге тиіспе": Базарбек өзіне жан-жақтан қоңырау түсіп жатқанын айтты

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек кулуарда журналистердің сұрақтарына жауап беріп, заңсыз беріліп кеткен жерлер қалай қайтарылып жатқанын айтты
Олар 3 миллиард 700 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған
Топ құрамында Қазақстанның әр аймағынан келген 25 адам болған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →