×

ШҚО-да мекеме басшысы танысына компания ашып, қаржы жымқырып отырған

Ол жымқырған ақшаға құны 265 миллион теңгенің мүлкін сатып алған

ШҚО-да мекеме басшысы танысына компания ашып, қаржы жымқырып отырған
Сурет: qyzyljarnews.kz

 Шығыс Қазақстан облысында заңсыз компания ашып қаржы жымқырған лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

2019 жылы «Өскемен және Семей қалаларындағы көше жарықтандыру жүйелерін жаңғырту» жобасы аясында ескі жарықтандыру құралдарын қуаты тиімді жарықдиодты шамдарға ауыстыру көзделген болатын. Алайда, лауазымды тұлғалар жобаны жүзеге асыру барысында жалған актілерге қол қою арқылы жабдықтар мен жұмыстардың құнын арттырған және жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгеге техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін көшелерді жарықтандыру құралдарын қабылдаған. Сонымен қатар, қылмыстық кірістерді жылыстату мақсатында «Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аймақтық орталығы» АҚ басшысы компанияны сенімді адамының атына тіркеп, қаражатты жымқыру үшін қосалқы мердігерлік ұйым ретінде пайдаланған. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа жалпы құны 265 миллион теңгені құрайтын элиталық жылжымайтын және жылжымалы мүлік сатып алынған, оларды ықтимал тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді тұлғаларға рәсімдеген. Сот санкциясымен аталған мүлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды. Күдікті тұлғалар тарапында қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды”, – делінген ҚМА ақпаратында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды
Бүгін, 14:37

Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды

Іс материалдары Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті.
Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады
Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →