×

Темекі тастап, түкірген 300-ден астам қостанайлық жауапқа тартылды

Бұл өңірдегі барлық құқық бұзушылықтардың 95%-ы

Темекі тастап, түкірген 300-ден астам қостанайлық жауапқа тартылды
Сурет: Polisia.kz

Қостанай қаласында ұсақ бұзақылық пен қоғамдық орындарды ластау айыптарымен 300-ден астам адам жауапқа тартылды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қостанай қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қостанай облысында түкіру мен темекі қалдықтарын тастауды қоса алғанда, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін полицейлер өткен жылы 4 мыңнан астам адамды, ал осы жылдың алғашқы айларында 300-ден астам адамды жауапқа тартты. Барлық құқық бұзушылықтардың 95%-ы осы бұзушылықтармен байланысты. Кінәлілердің барлығы заңға сәйкес жазаланды”, – делінген полиция хабарламасында..

Ал мұндай бұзақылықтар үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Құқық бұзушылық қайта қайталанса айыппұл көлемі 2,5 есеге дейін артады.

Полицейлер қазақстандықтарды тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев 12 жылға сотталды
Кеше, 14:52

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев 12 жылға сотталды

Экс-әкімнің ісінде мемлекетке 2 млрд теңгеге жуық шығын келтірілгені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →