×

Шымкентте 263 млн теңгеге қатысты апелляциялық соттың шешімі жойылды

Кінәлі Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасалған

Шымкентте 263 млн теңгеге қатысты апелляциялық соттың шешімі жойылды
Сурет: vakilkar24.com

Шымкетте 263 млн астам теңгеге мемлекеттің мүддесі қорғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.  Жоғарғы Сот прокурордың 263 миллион теңгеден астам мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын заңсыз деп тапқан апелляциялық соттың қаулысын жою туралы кассациялық өтінішхатын қанағаттандырды. Осы факті бойынша қала прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару) қылмыстық істі сотқа жолдаған.Сот талқылауы барысында «A» ЖШС-ның басшысы мемлекеттке келтірілген 261 млн теңге залалды өтеді”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Ал соттың үкімімен «A» ЖШС-ның басшысы кінәлі деп танылып, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының талаптарын ескеріп 2 жыл 6 айға шартты түрдегі жазасы тағайындалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Алматы қалалық полиция департаменті бұрынғы күйеуінен таяқ жеген Дильбар Тимурованың арызы жөнінде түсініктеме берді
Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған ауыр қылмыстардың көбеюіне байланысты жедел кеңес өткізді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →