×

Павлодарлық теміржолшы есірткі тасымалын ұйымдастырған

Ол сонымен қатар заңсыз 2 мылтық және оқ-дәрілер сақтаған

Павлодарлық теміржолшы есірткі тасымалын ұйымдастырған
Сурет: Бейнеден кадр

Павлодар облысында есірткі таратқан бұрынғы ҚТЖ қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Үйлестіру кезінде Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында есірткі өткізумен айналысқан қаланың екі тұрғыны ұсталды. Ұсталғандардың бірі белсенді екені анықталды, ол "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС-ның бұрынғы қызметкері  ескі байланыстарын іске қосып, өзімен бірге достарына есірткі таратқан. Тінту іс шараларын жүргізу барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, зергерлік электрондық таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, 2 мылтық және оқ-дәрі тартып алынды. Күдіктілер қамауға алынды”, –  делінген Павлодар облысы полиция департаменті хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған іске орай Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша есірткіні мақсатты дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу, жіберу немесе сату, сондай-ақ заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау үшін, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тасымалдау және жарылғыш құрылғыларды алып жүру бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Маңғыстау облысында маңызды темір жол бөлігін жеке компания иемденіп алған
Бүгін, 12:06

Маңғыстау облысында маңызды темір жол бөлігін жеке компания иемденіп алған

Аталған объектілердің стратегиялық маңыздылығы жоғары деп бағаланған
Осындай құқық бұзушылықтар басқа әскери ведомстволардан да анықталу үстінде
Жергілікті рейдтер барысында 29 шетелдік анықталды
2017-2018 жылдары ол Қазақстанда заңсыз трансплантация операцияларын ұйымдастырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →