×

Маңғыстау облысында маңызды темір жол бөлігін жеке компания иемденіп алған

Аталған объектілердің стратегиялық маңыздылығы жоғары деп бағаланған

Маңғыстау облысында маңызды темір жол бөлігін жеке компания иемденіп алған
Сурет: gov.kz

Сот «Каскор-Транссервис» АҚ-на магистральдық ТЖ желісін мемлекеттік меншікке беруді міндеттеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Бас көлік прокуратурасы жеке компанияның Маңғышлақ станциясынан Ақтау теңіз портына дейінгі магистральдық теміржол жолдарын иелену фактісін анықтады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес магистральдық теміржол жолдары мемлекет меншігінде болуы керек. Аталған объектілердің стратегиялық маңыздылығын және оларды мемлекет меншігіне қайтару қажеттігін ескере отырып, прокуратураның қадағалау актісі бойынша көлік министрлігі сотқа талап арызбен жүгінді. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 14.03.2025 жылғы шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Бұл шешім Қазақстанның көлік инфрақұрылымының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады және мемлекеттің темір жол желісінің негізгі объектілерін бақылауына кепілдік береді”, – делінген прокуратура хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтауда мүгедектерді қайыр сұрауға мәжбүрлегендер сотталды
Кеше, 18:41

Ақтауда мүгедектерді қайыр сұрауға мәжбүрлегендер сотталды

Маңғыстау облысының прокуратурасы Ақтауда екі мүмкіндігі шектеулі адамды пайдалану ісі бойынша үкім шыққанын хабарлады.
Экс-әкімнің ісінде мемлекетке 2 млрд теңгеге жуық шығын келтірілгені хабарланды.
Осы аралықта өңірде сумен жабдықтау саласындағы заң бұзушылықтар орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →