×

1240 шетелдік азамат елден шығарылды

Көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңға жуық фактісі анықталған

1240 шетелдік азамат елден шығарылды
Сурет: Бейнеден кадр

11-14 наурыз аралығында елімізде "Мигрант" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңға жуық фактісі анықталып, 1240 шетелдік азамат елден шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“4,5 мың шетелдік азамат елде болу мерзімін бұзған. 2,5 мыңы заңсыз еңбек қызметімен айналысқан. Оның ішінде 60 заңсыз такси жүргізушісі бар. Атап кетсек, бұған дейін жүргізілген арнайы операция кезінде 700-ге жуық заңсыз такси жүргізушісі анықталған болатын. 1240 шетелдік сот шешімімен елден шығарылып, оларға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды. Заң бұзушылардың басым бөлігі жақын шет мемлекеттен келгендер. Бірақ одан бөлек Бангладеш, Египет, Италия, Нигерия және Мадагаскар азаматтары да анықталды. Іздеуде жүрген 20 шетелдік ұсталды. 2200 қабылдаушы тұлға шетелдіктердің келуі туралы полицияға хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 12 млн теңге айыппұл салынды. 500 қазақстандық жұмыс берушіге шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін 33 млн теңге айыппұл салынды. Олардың ішінде бес тұлға осындай әрекетті бұрын да жасаған. Қазір бұл азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Шетелдіктерге жалған құжаттар рәсімдеген Қазақстан азаматтарына қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды. Мысалы, Астана қаласында бір университет жатақханасында комендант 56 еңбек мигрантына студент ретінде уақытша тұруға рұқсат берген. Алматы облысында нотариустың көмекшісі шетелдіктерді "жоқ" мекенжайларға тіркеу үшін жалған сенімхаттар рәсімдеген. Шетелдіктердің келуі туралы хабарлама беру, жеке сәйкестендіру нөмірін алу, дакторегистрацияны өту және уақытша тұруға рұқсат рәсімдеу үшін мемлекет төлем алмайды. Заң мен тәртіпті сақтауға шақырамыз”, – деп атап өтті ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ІІМ миграциялық заңнаманы сақтауға және шетелдік қонақтар мен Қазақстан азаматтарын көші-қон мәселелері бойынша заңсыз қызмет көрсететін күмәнді тұлғаларға жүгінбеуге шақырады.


 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тұрғындар қарсы болған: 24 жылға жерді жалға алған инвестордың құқығы қорғалды
Кеше, 09:47

Тұрғындар қарсы болған: 24 жылға жерді жалға алған инвестордың құқығы қорғалды

Жалпы көлемі 87 га жер учаскесі уақытша өтеулі ұзақ мерзімге жалға берілген
Олардың тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынған
Жүк көлігі әкімшілік іс бойынша тәркіленіп, мемлекет кірісіне өндірілуі керек болған
Жүргізуші куәліктерін белгіленген тәртіпті айналып өтіп алу – қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →