×

Маңғыстаулық алаяқтар депозиттік шоттардан 48 млн теңге жымқырған

Қылмысты ұйымдастырған Ақтау қаласының тұрғыны болып шықты

Маңғыстаулық алаяқтар депозиттік шоттардан 48 млн теңге жымқырған
Сурет: Бейнеден кадр

Маңғыстау облысында алаяқтар адамжардың депозиттік шоттарынан 48 млн теңге жымқырған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

“Маңғыстау облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет желісі арқылы жасалған екі ауыр санаттағы алаяқтық дерегі ашылды. ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес тіркелген қылмыстық істер бойынша келесі жайттар анықталды. Д. есімді азаматтың депозиттік шотынан 28 млн 430 мың теңге белгісіз тұлғаларға заңсыз аударылған. Астана қаласына қызметтік іс-сапар кезінде үш күдікті ұсталды: екеуі — Ақтау қаласының, біреуі — Қарағанды облысының тұрғыны. Тергеу барысында олардың есеп шоттарына жәбірленушінің ақшасы түскені анықталды. Қылмысты ұйымдастырған Ақтау қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. А. есімді азаматтың есеп шотынан 20 млн теңге белгісіз тұлғалармен иемденілген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Өскемен қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған деректер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды
Бүгін, 14:37

Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды

Іс материалдары Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті.
Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады
Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →