×

Алимент төлемеген борышкер 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды

Ол 3 жыл бойы өз міндеттемелерін орындамай келген

Алимент төлемеген борышкер 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды
Сурет:gettyimages.com

Ақмола облысында алимент бойынша борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Зеренді ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін қылмыстық іс тіркелді. Мәселен, алимент төлеуге нақты мүмкіндігі бар азамат «Ж» 3 жыл бойы өз міндеттемелерін орындау шараларын қолданбай, әрекетсіз болды. Қарыз шамамен 3 миллион теңгені құрады. Алайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін тиісті қорытынды жасамай, борышкер бейресми жұмысқа орналасу арқылы өзінің нақты табысын жасыра отырып, кәмелетке толмаған балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтаруды жалғастырды. Сот үкімімен борышкер ҚК-нің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 300 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Еске сала кетейік, алименттік міндеттерді орындамағаны үшін азаматтарға қылмыстық жауапкершілік көзделген. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокуратураның тұрақты бақылауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Балалар қорқып отыр»: Зәкиева Жамбыл облысындағы мектептерде не болып жатқанын айтты
Кеше, 19:38

«Балалар қорқып отыр»: Зәкиева Жамбыл облысындағы мектептерде не болып жатқанын айтты

Динара Зәкиева көп мектептерде басшылық зорлық-зомбылық фактілерін жасыруға тырысатынын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →