×

1,5 млрд теңгелік таңқурай көшеті: Алматыдағы шенділердің жалған құжатпен субсидия алу оқиғасы анықталды

Олар бұл үшін 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланған

1,5 млрд теңгелік таңқурай көшеті: Алматыдағы шенділердің жалған құжатпен субсидия алу оқиғасы анықталды
Сурет: geliurojus.lt

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі 1,5 млрд теңге көлеміндегі субсидияны жымқырды деген күдікпен ұсталды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мәлімдеді.

“Бюджет қаражатын жымқырып оларды одан әрі жылыстатты деп күдіктенген мәслихаттың бұрынғы депутаты Б.Қ. Әбішевке және басқа да адамдарға қатысты тергеу ісінде жаңа фактілер анықталды.Тергеу нәтижесінде бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Б.С.Аимбетовтың 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.Б.К. Абишев пен Б.С. Аимбетов 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталық түрдегі таңқурай көшеттерінің жалған жеткізілуі туралы құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын субсидия алған. Тергеу соты Б.С. Аимбетовке қатысты екі айға «қамауда ұстау» шарасын санкциялады”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Қазіргі таңда шенділердің басқа да қылмыстық істеріне тергеу жалғасуда. Басқа ақпараттар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Каскор-Транссервис» АҚ-ның 515 мың акциясы мемлекетке қайтарылды
16.05.2025ж. 16:45

«Каскор-Транссервис» АҚ-ның 515 мың акциясы мемлекетке қайтарылды

Даулы акциялар заңсыз түрде бөгде компанияның иелігінде болып келген
Оның төленген және нақты төлену керек жалақысы арасындағы айырмашылық көп
Оған 15-20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген
Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 55 келіден асқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →