×

Құм сатқандар: Абай облысында мемлекетке зиян келтірген кәсіпкерлер ұсталды

Олар 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген

Құм сатқандар: Абай облысында мемлекетке зиян келтірген кәсіпкерлер ұсталды
Сурет: skyscrapercity.com

Абай облысында 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген кәсіпкерлер ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Абай облысында Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады. Олар 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан. Нәтижесінде күдіктілер заңсыз түрде 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Кейіннен құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға құмды өткізу жалған сәйкестік сертификаттарын пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырылған. Оны сатудан түскен қылмыстық табыс 150 миллион теңгеден асты. Күдіктілер осы қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 миллион теңге мөлшерінде табыс тапқан. Соттың санкциясымен күдіктілердің 181 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған мүлкіне тәркілеу мақсатында тыйым салынды”, – делінген ҚМА ақпаратында.

Мүліктердің қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар. Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Каскор-Транссервис» АҚ-ның 515 мың акциясы мемлекетке қайтарылды
16.05.2025ж. 16:45

«Каскор-Транссервис» АҚ-ның 515 мың акциясы мемлекетке қайтарылды

Даулы акциялар заңсыз түрде бөгде компанияның иелігінде болып келген
Оның төленген және нақты төлену керек жалақысы арасындағы айырмашылық көп
Оған 15-20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген
Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 55 келіден асқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →