×

Сот заңсыздығы анықталды: Алматыдағы 7 мың қорап пиротехникалық бұйымдар ісі немен аяқталды

Контрабандалық өнімдер 2024 жылдың желтоқсан айында анықталған

Сот заңсыздығы анықталды: Алматыдағы 7 мың қорап пиротехникалық бұйымдар ісі немен аяқталды
Сурет: Мир24

Алматыдағы заңсыз 7 мың қорап пиротехникалық бұйымдар ісі аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы облысы Қарасай аудандық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Прокурорлар 7 мың қорап пиротехникалы бұйымдардың тәркіленуін қамтамасыз етті. 2024 жылдың желтоқсан айында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Қарасай ауданында орналасқан қоймалардың бірінен тиісті рұқсат құжаттарынсыз заңсыз сақталған 7 мың қорап пиротехникалық бұйымдарды анықтады. Анықталған құқық бұзушылықтарға қарамастан, сот қойма иесіне қатысты әкімшілік істі заңсыз түрде тоқтатып, тәркіленген пиротехникалық өнімдерді қайтару туралы шешім қабылдаған. Аталған сот шешімімен келіспеген Қарасай ауданының прокуратурасы апелляциялық тәртіппен шағым түсірді. Апелляциялық қарау нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың қаулысы күшін жойып, құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген прокуратура хабарламасында. 

Нәтижесінде жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын 7 мың қорап пиротехникалық бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Каскор-Транссервис» АҚ-ның 515 мың акциясы мемлекетке қайтарылды
16.05.2025ж. 16:45

«Каскор-Транссервис» АҚ-ның 515 мың акциясы мемлекетке қайтарылды

Даулы акциялар заңсыз түрде бөгде компанияның иелігінде болып келген
Оның төленген және нақты төлену керек жалақысы арасындағы айырмашылық көп
Оған 15-20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген
Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 55 келіден асқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →