×

Сыбайластары бар: Шымкентте салық төлеушілер 710 млн теңгеге жалған шот фактуралар жасаған

5 салық төлеушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер заңсыз тоқтатылған

Сыбайластары бар: Шымкентте салық төлеушілер 710 млн теңгеге жалған шот фактуралар жасаған
Сурет: depositphotos.com

Шымкентте 85,1 млн теңгеге мемлекет мүддесі қорғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Баспрокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
 

 “Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу заңдылығына жүргізген мониторинг нәтижесінде мемлекеттік кірістер Басқармасы жалпы сомасы 709,5 млн теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген 5 салық төлеушіге қатысты 5 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі заңсыз тоқтатқанын анықтады.Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда көрсетілген істерді тоқтату туралы қаулылардың күші жойылды және жалған шот-фактура жазып берген салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 280-бабы (Жалған шот-фактура жазып беру) бойынша жалпы сомасы 85,1млн теңге әкімшілік айыппұл салынды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта 41,6 млн теңге өндіріліп, мемлекеттің материалдық мүддесі қорғалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы «Арыстан» базарының сауда алаңдары сүріліп жатыр
Бүгін, 11:31

Алматыдағы «Арыстан» базарының сауда алаңдары сүріліп жатыр

Базардың бір бөлігі рұқсат беру құжаттарынсыз салынған
Оның заңсыз әрекеті супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде орын алған
Оларға бірден 17 хаттама толтырылған
Олар елге 3,2 млрд теңге қарыз болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →