×

Павлодар облысында 65 шетелдік мигрант көші-қон заңнамасын бұзған

Сегіз шетелдік сот шешімімен елден шығарылған

Павлодар облысында 65 шетелдік мигрант көші-қон заңнамасын бұзған
Сурет: Polisia.kz

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 91 азамат анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Павлодар облыстық көші-қон полициясы мәлімдеп отыр.

“Павлодар облысының аумағында осы жылдың 23 мамырына дейін жалғасатын "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Өткізілетін іс-шараның негізгі мақсаты: құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шараларды күшейту, заңсыз көші-қонның алдын алу, жолын кесу, шетелдіктердің болу тәртібі қағидаларын бұзушылықтарын анықтау, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактілерін анықтау. — Аталған іс-шараны өткізудің бірінші күні өңірдің полицейлері 91 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 65 шетелдік азамат және еліміздің 26 азаматы. Сегіз шетелдік сот шешімімен елден шығарылды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 7 фактісі жойылды. Барлық фактілер бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер жауапқа тартылды. Мысалы, Екібастұз қаласындағы полиция қызметкерлері Абай көшесінде орналасқан наубайханалардың бірінде үш шетелдік азаматтың еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру фактісін анықтады, — дейді Павлодар облысының ПД.

 Қазіргі уақытта материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтауда мүгедектерді қайыр сұрауға мәжбүрлегендер сотталды
04.07.2025ж. 18:41

Ақтауда мүгедектерді қайыр сұрауға мәжбүрлегендер сотталды

Маңғыстау облысының прокуратурасы Ақтауда екі мүмкіндігі шектеулі адамды пайдалану ісі бойынша үкім шыққанын хабарлады.
Экс-әкімнің ісінде мемлекетке 2 млрд теңгеге жуық шығын келтірілгені хабарланды.
Осы аралықта өңірде сумен жабдықтау саласындағы заң бұзушылықтар орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →