×

Сәтбаев университетінің бұрынғы басшылығы 2500 шаршы метр жатақхананы сатып жіберген

Олар тиісті тендер ұйымдастырмастан және өткізбестен жекеге өткізіп жіберген

Сәтбаев университетінің бұрынғы басшылығы 2500 шаршы метр жатақхананы сатып жіберген
Сурет: Satbayev University/ Анатолий Пак

Алматы қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің  жатақханасы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралвы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Түрксіб ауданының прокуратурасы «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ мүлкін заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтады. Тұрғын-үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы тиісті тендер ұйымдастырмастан және өткізбестен жалпы ауданы 2500 м2 астам жатақхананы жеке ЖОО-ға заңсыз жалға пайдалануына берген. Кейіннен мәміле жасасу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып ЖОО осы үй-жайды сатып алған.Бүгінгі таңда әкімшілік корпустың жатақханасы мақсатына қарай пайдаланылмай, бизнестің түрлі салаларының қызмет көрсетуіне жалға беріліп келген”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Соттардың заңды күшіне енген шешімдерімен, Түрксіб ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша даулы әкімшілік ғимараты ұлттық университетке қайтарылды.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
528 қостанайлыққа елден шығуға тиым салынды
Кеше, 17:50

528 қостанайлыққа елден шығуға тиым салынды

Олар елге 3,2 млрд теңге қарыз болған
Ұсталған азамат интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істеген
Билік өкіліне күш қолдану жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды
Мемлекетке келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →