×

13 жыл игерілмеген: Щучье көлі жағалауында орналасқан жер мемлекетке қайтарылды

Жеке меншік иелігіндегі жер 2012 жылдан бері қараусыз жатқан 

13 жыл игерілмеген: Щучье көлі жағалауында орналасқан жер мемлекетке қайтарылды
Сурет: kartin.papik.pro

Ақмола облысы Бурабай ауданында кадастрлық құны 53,4 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Бурабай ауданы прокуратурасының бастамасымен Жер ресурстарын басқару департаменті «Кипрос» ЖШС-ніңпайдалануындағы жер учаскесіне иелік ету заңдылығына тексеру жүргізілді.Тексеру барысында серіктестік 2012 жылдан бері Щучье көлі жағалауында орналасқан 3 гектар жер учаскесін иеленіп келгені анықталды. Жер заңнамасының талаптарын бұза отырып, 10 жылдан астам уақыт бойы жер учаскесі игерілмеген, құрылыс жұмыстары басталмаған. 2023 жылы жер пайдаланушыға учаскені игеру туралы міндетті нұсқама берілген, алайда 2024 жылы ешқандай шаралар қабылданбаған. Тексеру нәтижелері бойынша Департамент сотқа жүгінді. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен кадастрлық құны 53,4 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне өтті. 

Өңірде бүгінгі таңда, қолданыссыз жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда «Құқықтық мәдениет – жарқын болашақ кепілі» атты жастар форумы өтті
07.10.2025ж. 17:59

Түркістанда «Құқықтық мәдениет – жарқын болашақ кепілі» атты жастар форумы өтті

Шараға қалалық прокуратура, полиция басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдері, қала басшылығы мен жергілікті жастар қатысты
ҚМА деректеріне сүйенсек, 18 блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Үш оқушы 1 жылға, қалған үш оқушы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды 
Тағы 650 млн теңге жалған фирмалар арқылы шығарылып алынған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →