×

Ақмола облысында 200 отбасыны үйсіз қалдырғандар сотталды

Олар 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған

Ақмола облысында 200 отбасыны үйсіз қалдырғандар сотталды
Сурет: gov.kz

Су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлаған қарақшылар сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасы мәлімдеді.

“05.06.2025 жылы 300млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты сот үкімі шықты. Аталған қаражаттар 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген. Іс Ақмола облысының арнайы прокурорларымен тергелген болатын.Сот үкімімен жымқыруға қатысқан тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4 бөлігі (аса ірі көлемде жымқыру) и 218 бабы (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)бойынша 8,6 және 7,6 жылға бас бостандықтарынан айыру және мүліктерін конфискациялау жазаларына тартылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
7 500-ден астам адам сотталған: Қазақстанда жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатыр
Кеше, 16:50

7 500-ден астам адам сотталған: Қазақстанда жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатыр

Қазақстанда сегіз жылда 7 539 адам сыбайлас жемқорлық бойынша жазаға тартылған
Сафура Төлековамен бірге сот процесінде сотталушы ретінде өтіп жатқан Жансая Бейсембаеваның арызы қанағаттандырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →