×

Құны 516 млн теңге: Абай облысында 42 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

104 жер учаскесі ұзақ уақыт бойыны саналы мақсатына сай пайдаланылмаған

Құны 516 млн теңге: Абай облысында 42 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Сурет: 24.kz

Абай облысында 42 мың гектар пайдаланылмаған жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

“Абай облысының прокуратурасы пайдаланылмаған және заңсыз берілген жер учаскелерін анықтау және мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Тексеру барысында бірқатар жер пайдаланушылардың заң талаптарын бұза отырып, 104 жер учаскесін ұзақ уақыт бойыны саналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталды. Прокуратураның шаралары нәтижесінде жалпы ауданы 42 мың га және кадастрлық құны 516 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды”, – делінген прокуратура ақпаратында. 

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган бұл жерлерді адал және тиімді пайдаланатын субъектілерге беру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақмола облысында халық демалатын аймақ жеке меншікке өтіп кеткен
Кеше, 16:14

Ақмола облысында халық демалатын аймақ жеке меншікке өтіп кеткен

Щучинск қаласында рекреациялық аймаққа тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та экс-министрдің қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған болатын
Заңсыз айналымнан 400 қару, сонымен қатар 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынған
Ол заңсыз түрде сырттай  «МИЗАМ» көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатуға қойған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →