×

"Құрылыстың иесімін": Ақтаулық құрылыс нысанынан сырттай 9 пәтерді сатып жіберген

Ол заңсыз түрде сырттай  «МИЗАМ» көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатуға қойған

"Құрылыстың иесімін": Ақтаулық құрылыс нысанынан сырттай 9 пәтерді сатып жіберген
Сурет: 2gis.kz/aktau

Ақтауда үлескерлердің қаражатын жымқыру фактісі бойынша өзін құрылыс нысанының иесімін деп көрсеткен азамактқа айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің  Маңғыстау облысы бойынша департаменті мәлімдеді.

“Жүргізген тергеп-тексеру барысында Корниенко Н.Н. ешқандай өкілеттігі болмаса да, өзін «СК 2032» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы ретінде көрсетіп, «МИЗАМ» көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатуға қатысты 9 келісімшарт жасағаны анықталды. Осылайша ол азаматтардың 70 миллион теңге көлеміндегі қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Сот санкциясымен күдіктінің жалпы құны 200 млн теңге болатын 8 мың шаршы метр жер теліміне тыйым салынды. Сот үкімімен Корниенко Н.Н. 5 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген  ҚМА хабарламасында.

Енді оның мүлкіне салынған тыйым жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін пайдаланылатын болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақмола облысында халық демалатын аймақ жеке меншікке өтіп кеткен
Кеше, 16:14

Ақмола облысында халық демалатын аймақ жеке меншікке өтіп кеткен

Щучинск қаласында рекреациялық аймаққа тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та экс-министрдің қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған болатын
Заңсыз айналымнан 400 қару, сонымен қатар 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынған
104 жер учаскесі ұзақ уақыт бойыны саналы мақсатына сай пайдаланылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →