Заңсыз айналымнан 400 қару, сонымен қатар 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынған
2-6 маусым аралығында елімізде республикалық "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп, 29 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 845 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Тексеру нәтижесінде:
- заңсыз айналымнан 400 қару, сонымен қатар 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынды;
- 40 қару қоймасы анықталды;
- қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді, оның ішінде екі Калашников автоматы, төрт тапанша, төрт мылтық, қызметтік бронежилеттер, каскалар мен щиттар бар;
- азаматтар тарапынан 87 қару өз еркімен тапсырылды;
- сды;
- Полиция қызметкерлері 10 мыңнан астам шаруа қожалықтарын тексеріп, әртүрлі 65 қару тәркіледі, - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығы Қанат Нұрмағамбетов.