×

Ақмола облысында халық демалатын аймақ жеке меншікке өтіп кеткен

Щучинск қаласында рекреациялық аймаққа тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысында халық демалатын аймақ жеке меншікке өтіп кеткен
Сурет: Меруерт Алимова

Ақмола облысында мемлекетке рекреациялық аймағындағы құны 567 млн теңгеден астам жер телімі қайтарылдыдеп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

“Құқықтық актілерді бағалау барысында жер заңнамасының бұзылуы анықталды, бұл бұзушылық жер ресурстарын басқару бөлімімен коммерциялық орман өсіру үшін жеке тұлғаға 36 гектар жертелімін заңсыз беру арқылы көрініс тапқан, аталған жер телімі халықтың демалысы мен сауықтыруына арналған рекреациялық аймаққа тиесілі болған. Қадағалау актісі бойынша жер ресурстарын басқару департаменті сотқа жүгінді. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен жасалған келісім жарамсыз деп танылып, кадастрлық құны 567 млн теңге тұратын жер телімі рекреациялық мақсаттағы жерлер құрамына қайтарылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қабылданған қадағалау шаралары нәтижесінде Щучинск қаласында рекреациялық аймаққа тиесілі жерлердің құқықтық режимі қалпына келтірілді. Жер телімінің рекреациялық қорға қайтарылуы аумақтың экологиялық теңгерімін сақтауға және оның мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
7 500-ден астам адам сотталған: Қазақстанда жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатыр
25.07.2025ж. 16:50

7 500-ден астам адам сотталған: Қазақстанда жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатыр

Қазақстанда сегіз жылда 7 539 адам сыбайлас жемқорлық бойынша жазаға тартылған
Сафура Төлековамен бірге сот процесінде сотталушы ретінде өтіп жатқан Жансая Бейсембаеваның арызы қанағаттандырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →