×

10,5 млн табыс: TikTok-та онлайн-құмар ойын ұйымдастырған екі алматылық сотталды

олардың TikTok-тағы ойындарының негізгі аудиториясын жастар құраған

10,5 млн табыс: TikTok-та онлайн-құмар ойын ұйымдастырған екі алматылық сотталды
Сурет: Google Images/ TikTok

Алматы қаласында әлеуметтік желісі арқылы онлайн-құмар ойындарды ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.

 “Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталды. Азаматтар ойынға қатысу үшін ақша қаражатын банктік қосымшалар арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған. Жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 миллион теңгені құрады. Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Біріне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды.”, – делінген ҚМА ақпаратында.

Айта кету керек, олардың TikTok-тағы ойындарының негізгі аудиториясын жастар құраған.
 

❗️

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дәретханаға жасырған: Павлодарда мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді
Бүгін, 10:55

Дәретханаға жасырған: Павлодарда мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді

Ұсталған азамат интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істеген
Билік өкіліне күш қолдану жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды
Мемлекетке келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асқан
Жеке меншікке берілген жерлердің жалпы құны 54 миллиард теңге 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →