×

"Елден қуылды": Абай облысында қос азаматтығы бар 12 адам жауапқа тартылды

Өңірде соңғы алты ай ішінде 269 азаматтықтан шығу туралы өтініш берілген

"Елден қуылды": Абай облысында қос азаматтығы бар 12 адам жауапқа тартылды
Сурет: Еrnur.kz

Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзу деректері бойынша 12 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеп отыр.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес, елімізде қос азаматтыққа жол берілмейді. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 3-бабына сай, еліміздің азаматы өзге мемлекеттің азаматтығында қатар жүре алмайды. 

“Егер қазақстандық азамат басқа елдің азаматтығын алса, ол 30 күнтізбелік күн ішінде бұл жайында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе консулдық мекемелерге хабарлауға міндетті. Бұл талапты орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы аумағынан шығарып жіберіледі. Жыл басынан бері Абай облысында осындай 12 құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде алты шетелдік елден шығарылса, қалған алтауы айыппұл төледі. Сондай-ақ биылғы алты ай ішінде облыстың Көші-қон қызметі басқармасы мен бөлімшелері 269 азаматтықтан шығу туралы өтінішті тіркеген. Оның ішінде 263 өтініш Ресей Федерациясының азаматтығына, қалғандары АҚШ, Түркия, Қырғызстан және Чехия азаматтығын алуына байланысты берілген”, – делінген полиция хабарламасында.

Полиция қызметкерлері азаматтарды заң талаптарын бұзбауға, қос азаматтықты жасырудың ауыр құқықтық салдары болатынын ұмытпауға шақырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дәретханаға жасырған: Павлодарда мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді
Бүгін, 10:55

Дәретханаға жасырған: Павлодарда мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді

Ұсталған азамат интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істеген
Билік өкіліне күш қолдану жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды
Мемлекетке келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асқан
Жеке меншікке берілген жерлердің жалпы құны 54 миллиард теңге 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →