×

Заңсыз үлестірілген: Алматы тауларындағы 840 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жеке меншікке берілген жерлердің жалпы құны 54 миллиард теңге 

Заңсыз үлестірілген: Алматы тауларындағы 840 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Сурет: The-village-kz.com/ Theozz1

Алматы қаласы маңындағы  таулы аймақтағы 840 гектар жерлер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

“«Международная ассоциация клубов» ЖШС-не заңсыз түрде жеке меншікке берілген жалпы құны 54 миллиард теңге болатын 840 гектардан астам жер анықталды.Аталған жерлер су қоры санатына жатады және заң бойынша жеке меншікке берілмеуі тиіс. 2025 жылғы 12 маусымда Алматы сотының сот алқасы прокуратураның талап арызын қанағаттандыру туралы қаулы шығарды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі таңда, аталған жер учаскелерін босату жұмыстары жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
528 қостанайлыққа елден шығуға тиым салынды
Кеше, 17:50

528 қостанайлыққа елден шығуға тиым салынды

Олар елге 3,2 млрд теңге қарыз болған
Ұсталған азамат интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істеген
Билік өкіліне күш қолдану жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды
Мемлекетке келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →