×

Көліктің үстіне шығып: Шымкентте полиция қызметкері өмірін қатерге тікті

Билік өкіліне күш қолдану жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды

Көліктің үстіне шығып: Шымкентте полиция қызметкері өмірін қатерге тікті
Сурет: Polisia.kz

Шымкентте полицей өз өмірін қатерге тігіп, қауіпті жүргізушіні тоқтатты,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Жол көлік полиция департаменті мәлімдеді.

“12 маусымда Шымкентте полиция қызметкерлері агрессивті жүргізу белгілерін көрсеткен ер адамның басқаруындағы Daewoo Nexia көлігін анықтады. Құқық бұзушылық жолдағы қауіпті әрекетті анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект технологиясына негізделген цифрлық жүйенің көмегімен анықталды. Жүргізуші тоқтау туралы заңды талапты елемеді. Кейін тоқтағандай кейіп танытып, полицейлер тексеруге жақындаған сәтте, кенеттен көлікті қайта жүргізіп кеткен. Құқық бұзушыны тоқтатпақ болған полицейлердің бірі көліктің капотына шығып кеткен. Бұған қарамастан, жүргізуші полиция қызметкерінің өміріне қауіп төндіріп, жоғары жылдамдықпен жүрді. Тек осыдан кейін ғана тәртіп сақшылары көлік құралын тоқтатып, күдіктіні ұстады. Билік өкіліне күш қолдану жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген полиция ақпаратында.

"Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық үшін жазаның бұлтартпастығы қамтамасыз етіледі. Мұндай әрекеттер қауіпті қылмыстарға жатады және тиісті құқықтық баға берілетін ескерген жөн.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
528 қостанайлыққа елден шығуға тиым салынды
Кеше, 17:50

528 қостанайлыққа елден шығуға тиым салынды

Олар елге 3,2 млрд теңге қарыз болған
Ұсталған азамат интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істеген
Мемлекетке келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асқан
Жеке меншікке берілген жерлердің жалпы құны 54 миллиард теңге 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →