×

Дәретханаға жасырған: Павлодарда мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді

Ұсталған азамат интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істеген

Дәретханаға жасырған: Павлодарда мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді
Сурет: Бейнеден кадр/Polisia.kz

Павлодарда қадласында жеткізу қызметімен айналысқан мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы өңірлік Полиция басқармасы мәлімдеп отыр. 

“Павлодар қаласындағы Мүткенов көшесінде “Қарасора” іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады. Жеке тексеру кезінде оның үстінен екі полиэтилен орамға оралған тыйым салынған заттар табылды. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде дәретханаға жасырылған қосымша 6 орама мен бір пакет, сондай-ақ "зип" пакеттер, электронды таразы және орауға арналған құрылғы тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттардың салмағы 8 грамнан асатын синтетикалық есірткі болып шықты. Ұсталған азамат интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істегенін мойындады”, – делінген полиция хабарламасында.

Ол есірткі заттарын жасырып кету арқылы таратуды жоспарлаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК бойынша есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар анықталуда.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
528 қостанайлыққа елден шығуға тиым салынды
Кеше, 17:50

528 қостанайлыққа елден шығуға тиым салынды

Олар елге 3,2 млрд теңге қарыз болған
Билік өкіліне күш қолдану жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды
Мемлекетке келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асқан
Жеке меншікке берілген жерлердің жалпы құны 54 миллиард теңге 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →