×

528 қостанайлыққа елден шығуға тиым салынды

Олар елге 3,2 млрд теңге қарыз болған

528 қостанайлыққа елден шығуға тиым салынды
Сурет: vatantat.ru

Қостанай облысында 528 борышкерке елден тыс жерлерге шығуға тиым салынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қостанай облыстық прокуратурасы мәлімдеп отыр.

“Өңірде 2024-2025 жылдары прокурорлық қадағалау актілері бойынша атқарушылық өндіріс органдары мемлекеттің кірісіне борышкерлерден 500 млн теңгеден астам соманы өндіріп алды. 234 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 2 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, прокурорлар 2 жеке сот орындаушысына қатысты өндіріп алуға тиесілі қаражатты жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 2,5 млрд теңгеден астам берешек сомасына 503 атқарушылық өндіріс бойынша мүліктің болу фактілері, сондай-ақ 16,7 млн теңге сомасына 377 өндіріс бойынша борышкерлердің ай сайынғы кірістері анықталды. 63 борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуы тоқтатылды және мемлекетке шамамен 3,2 млрд теңге қарыз болған 528 борышкердің елден тыс жерлерге шығуы шектелді”, – делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Талқылау нәтижелері бойынша сот актілерін орындауға және мемлекеттік уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дәретханаға жасырған: Павлодарда мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді
Кеше, 10:55

Дәретханаға жасырған: Павлодарда мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді

Ұсталған азамат интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істеген
Билік өкіліне күш қолдану жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды
Мемлекетке келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асқан
Жеке меншікке берілген жерлердің жалпы құны 54 миллиард теңге 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →