×

90,6 млн теңге: Оңай табыс Астана тұрғынын орға жықты

Оған сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған

90,6 млн теңге: Оңай табыс Астана тұрғынын орға жықты
Сурет: Adil Abdrakhmanov/Getty Images

Заңсыз жолмен  90,6 млн теңге табыс тапқан астаналық бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасы мәлімдеді.

“Қала тұрғыны материалдық пайда және заңсыз жолмен баю мақсатында «Бинго» ойынын заңсыз «Instagram» әлеуметтік желісінде тікелей эфирде жүргізген. Ойын шарттарына сәйкес, тікелей эфирде бәс тігу сомалары әртүрлі ақшалай қаражатты құрап, қатысушылардың арасынан жеңімпазды анықтап, оған ұтысты телефон номері арқылы жолдаған. Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде 90,6 млн теңге табыс тапқан. Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсі туралы сотқа жеткілікті дәлелдемелер ұсынды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Egov мобильді қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
Бүгін, 09:07

Egov мобильді қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

Жаңа сервис тәулік бойы жұмыс істейді, өтініштер бүкіл ел аумағында қабылданады
85 атқарушылық іс жүргізу бойынша 2 млн теңге артық ұсталған
Ол 2015-2017 жылдар аралығында банк қаражатын иемденіп, талан-таражға салған
Жекеге 8 мың шаршы метрлік ғимарат пен 1,3 га жер телімі өтіп кеткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →