×

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

ІІМ демалысқа шығар алдында сақ болуды ескертеді. 

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Pixabay.com

Ішкі істер министрлігі танымал онлайн-платформалар арқылы қонақүй немесе пәтер броньдауға қатысты жаңа алаяқтық түрі туралы ескертеді. Бұл туралы министрлікке сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар интернет арқылы пәтер немесе қонақүй нөмірін броньдаған пайдаланушыларға қайтадан банк картасының деректерін сұрататын хабарлама жібереді.

Осыған байланысты ІІМ азаматтарды басқа қалаға немесе шет мемлекетке демалыс не іссапар жоспарлау кезінде аса мұқият болуға шақырады.

Алаяқтардың құрбанына айналмау үшін ІІМ мынадай кеңестер береді:

Сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз - фишингтік сайттар көбіне танымал платформаларға ұқсас болады, бірақ домен атауында бір әріп артық немесе аяқталуы өзгертілген болуы мүмкін;

Пәтер иесімен жеке хат алмасуда банк картаңыздың деректерін ешқашан жібермеңіз;

Тым арзан ұсыныстарға сақтықпен қараңыз - өте төмен баға - алдау белгісі болуы мүмкін;

Жалға берілетін пәтер немесе қонақүй туралы пікірлермен танысыңыз, олардың жарияланған мерзіміне және нысанның сайтта қанша уақыт бойы жарнамаланғанына назар аударыңыз - бірнеше жылдан бері ұсынылып келе жатқан пәтерлердің сенімділігі жоғары болады;

Пәтер үшін толық алдын ала төлем жасауға келіспеңіз, төлемді тек сол жерде, нысанның нақты бар екеніне көз жеткізген соң жасаңыз;

Күмәнді сілтемелерден сақ болыңыз - мессенджер, электронды пошта немесе әлеуметтік желілер арқылы келген сілтемелер жалған сайттарға алып баруы мүмкін;

Пәтер немесе қонақүй нөмірін тек танымал әрі сенімді платформалар арқылы броньдаңыз - егер сайт күмән туғызса, тексеріп, тәуекел етпеу керек.

ІІМ еске салады: сіздің қырағылығыңыз - алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →