Қылмысқа қатысы бар өзге тұлғалар әртүрлі жазаға тартылған.
Ірі көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар деп танылған азамат Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.
Ведомство мәліметінше, 2023 жылы Шымкентте күдікті сыбайластарының көмегімен интернет-платформаларға автокөліктерді нарықтағы бағадан арзан көрсетіп, жалған хабарландырулар жариялаған.
Олардың әрекеті салдарынан 52 жәбірленуші жалпы сомасы 70 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылды, – делінген Бас прокуратура мәліметінде.
Қылмысқа қатысы бар өзге тұлғалар әртүрлі жазаға тартылған. Ал негізгі күдікті жасырынғандықтан, халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылдың тамыз айында ол Түркия аумағында ұсталды.
Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалуы мүмкін, – деп қосты Бас прокуратура өкілдері.